Дәрігерлер Денис Теннің өмірін неліктен сақтап қала алмағандарын түсіндірді

  • 6 years ago
Қазақ елінің мақтанышы Денис Тен қарақшылардың қолынан мерт болды.

Ол тапа-тал түсте көлігінің айнасын ұрламақ болғандардың үстінен түсіп, пышақпен ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды. Қайғылы жағдаймен бөлісуге мәжбүрміз. Бүгін тапа-тал түсте Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында екі қарақшы Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Теннің көлігінің айналарын тонамақ болған. Сол сәтте мәнерлеп сырғанаушы олардың үстінен түсіп, арада кикілжің болған. Салдарынан қаскөйлер Тенді бірнеше жерінен пышақтап, өздері оқиға орнынан іздерін суытқан.

Recommended